Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру мектебінің бітіруші түлектеріне кәсіби бағдар беруге бағытталған «Болашаққа қадам» жобасы өтті.
Мақсаты - оқушыларды мамандықтар туралы түсінікпен ақпараттандыру және кәсіптік қызығушылын арттырып, қабілеттілігін қалыптастыру.
Мамандық таңдауда жіберілетін қателер:
— Беделді кәсіптердің жетегінде кету;
— Ата-анасы үшін мамандық таңдау;
— Мамандықты таңдауға ақпараттардың жеткіліксіздігі;
— Өзінің психологиялық ерекшелігін түсіне алмау;
— Басқалар не таңдаса, соны таңдау;
— Грант көп берілетін мамандықтарды таңдау;
— «Диплом алсам болды» деген пікірді ұстану.
Осындай қателіктер жіберілмес үшін не істеу керек?
1.Балалық шақты еске алыңыз.Бала кезіңізде сізде қандай үміт пен арман болды?
2.Өзіңізді толық зерттеңіз.
3.Жеке тұлғаның профилін жасаңыз.
4.Басқалардың сізді қалай көретінін біліп, өзіңізді жақсы түсініп алыңыз.
5. Жақын досыңыздан, отбасы мүшелерінен немесе сенімді адамнан сізді сипаттайтын 10 кілт сөз жазуды сұраңыз. Олар сіздің бағалауыңызбен сәйкес келетініне назар аударыңыз.
6. Педагог мамандығының бес негізгі бағытын белгілеңіз. Маркер немесе басқа құралмен сіз үшін ең тартымды екі бағытын таңдаңыз. Неге олар қызығушылық тудырады? Бұл бағытқа қандай өмірлік тәжірибем бар. Болашақта бұл бағытын қалай көре аламын. Олар сіздің жеке басыңыз бен құндылықтарыңызға қалай сәйкес келеді?
7.Сіздің темпераментіңізді ескеру қажет.Жұмыс стилі соған байланысты.
Іс-шара барысында алдымен №130 жалпы орта білім беретін мектептің бітіруші сынып оқушыларына алдымен коуч-тренерлер түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бағдарлама жөнінде толыққанды ақпараттанған оқушылар, ары қарай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының музейі мен анатомиялық бөлмесінің жұмыс барысымен танысты.