ШЫМКЕНТ: ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

ШЫМКЕНТ: ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Қаратау ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен құқық қорғау және мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан жарыс өтті.
Басты мақсат - ұжымда спорттық ойын және қызметтік-қолданбалы түрін дәріптеу, арнайы құрамның физикалық дайындығын жетілдіру және патриоттық тәрбиелеу болып табылады.
Жасыл алаңға шыққан тәртіп сақшылары өздерінің спортта да осал емес екендіктерін көрсетті.
Ойын барысында Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері өз шеберліктерін көрсете білді.
Тартысты да қызықты өткен жарыста командалық есеп нәтижесінде, Қаратау ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі жүлделі 3-орынды иеленді.
Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, айтып өтетін Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ғимаратының алдындағы фронт-офис мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және халыққа қызмет көрсету сервисін заманауи талаптарға сай жүзеге асыру мақсатында қызмет етеді. Мұнда келген халық өзіне қажетті кеңесін алып, өтініштері мен басқа да құжаттарының қысқа мерзімде қабылдануына мүмкіндік алған.
Тиісінше, кеңседегі азаматтарға арналған қабылдау бөлмесінде азаматтардың ыңғайлығы үшін күту орындары және бағдар беру үшін ресепшн бар.
Айта өтетін ақпарат, бүгінде тұрғындар уәжінің басым бөлігі - әкімшілік тәжірибе, қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне қатысты болып отыр.
Сондықтан, фронт-офис алаңында осы мәселелерге жауапты құзыретті қызметкерлер, яғни жергілікті полиция және әкімшілік полиция бөлімдерінің қызметкерлері, анықтаушылар мен тергеушілер қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері ашық орталықтандырылған кеңсеге 405 азамат арыз-шағыммен жүгінген.
Құрметті қала тұрғындары! Ескеріңіз, Сіз ішкі істер органдарына қатысты мәселеңізбен өз ауданынызға қарасты Полиция басқармасының азаматтарды қабылдау бөлмесіне жүгіне аласыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2035 жылға дейін елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 26 ГВт-тан астам жаңа қуаттарды іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды ...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов елімізге алғашқы ресми сапарымен келген Словакия Республикасының Премьер-министрі Роберт...