ПСИХОЛОГТАР АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ПСИХОЛОГТАР АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы мен «Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы» мүшелерінің ұйымдастыруымен М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Жастарды өмірлік дағыларға бейімдеу» тақырыбында психолог мамандардың қатысуымен кездесу өтті.
Мақсаты – қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық жағдай жасау және дұрыс бағыт бағдар беру.
«Қыз – өріс, ұл – қоныс» деп білгендіктен қазақ халқы өрісін кеңейтер қыз балаға ай­рықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «Қызға қырық үйден тыйым» жасайды.
Қызға 40 үйден тыйым:
1. Жарыса сөйлеуге;
2. Жалғыз қыдыруға;
3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге;
4. Орынсыз ұрынуға;
5. Басқаларға қол тигізуге;
6. Өтірік, өсекке;
7. Суық жүріс, сумаң қылыққа;
8. Кісіге қарай керіліп есінеуге;
9. Талтайып отыруға;
10. Шалқайып жатуға;
11. Тамақты обырлана асауға;
12. Ұрлық-қарлыққа;
13. Ұятты мүшелерін ашып жүруге;
14. Бұраңдап қылымсуға;
15. Қызыл іңірде жатуға;
16. Түске дейін ұйықтауға;
17. Кісі алдында киім ауыстыруға;
18. Салт-дәстүрден аттауға;
19. Елді ғайбаттауға;
20. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға;
21Ішімдік пен шегімдікке;
22. Ұрыс-керіске;
23. Беттен алып, бет жыртысуға;
24. Қараулыққа, ысырапқа
25. Рахымсыздық пен қатыгездікке;
26. Түнде суға жалғыз баруға;
27. Өзге жыныстылармен араласып жатуға;
28. Күйеуге қашып тиюге;
29. Әдепсіз сөзге;
30. Тарс-тұрс етуге;
31. Адам мен жануарларды тебуге;
32. Кісіні қорлап жәбірлеуге;
33. Тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға;
34. Айғай сүреңге;
35. Шектен тыс сыланып жасануға;
36. Қызғаншақтық пен күншілдікке;
37. Менмендік пен өзімшілдікке;
38. Алдап-арбауға;
39. Көрсеқызарлыққа;
40. Нәпсіқұмарлыққа тыйым.
Кездесу барысында психолог мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қыз баласының қоғамдағы орнына тоқталды. Сондай-ақ, өмірлік дағдыларға бейімдеу, психологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында әңгімеледі.
Жиын соңында психологтар жастармен кері байланыс орнатып, сұрақтарына жауап берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінде Қазақстанда химия өнеркәсібіндамытуға, сұранысқа ие өнімдерді жасауғабағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Негізгі екпін химиялық өнімдердің ауқымды жәнестратегиялық маңызды түрлеріне аударылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ...