ШЫМКЕНТТІК ТӘРТІП САҚШЫЛАР СТУДЕНТТЕРГЕ САБАҚ ӨТКІЗДІ

ШЫМКЕНТТІК ТӘРТІП САҚШЫЛАР СТУДЕНТТЕРГЕ САБАҚ ӨТКІЗДІ

Шымкент қалалық «Сана Сезім» орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде» семинар-тренинг өткізді. Оған Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі мен Тұран ауданы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы және колледж студенттері қатысты.
Іс-шара барысында тыңдаушыларға отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы олардың заңды құқықтары бойынша түсіндірілді.
Полиция қызметкері студенттерге мұндай жағдайларда олар әрдайым колледж психологына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға жүгіне алатындығын еске салды.
Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық – қазіргі таңдағы ең жойқын адам құқығы бұзылуының бірі. Зорлыққа жол бермеуіміз керек. Бұл денсаулық пен өмірге қауіпті мәселе гендерлік теңсіздік, билікті теріс мақсатта пайдалану және жағымсыз нормалардан бастау алады. Зорлық-зомбылық әйелдердің қоғамдық өмірге араласуына кедергі келтіреді. Гендерлік зорлық-зомбылық отбасылар мен қоғамдастық арасындағы байланысты әлсіретіп, елдердің әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық дамуға қол жеткізуіне жол бермейді.
Біз БҰҰ Бас хатшысының «2030 жылға қарай әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатамыз» науқанына қосыламыз. Біз гендерлік зорлық-зомбылықты Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастық, Орталық Азия елдерімен аймақтық ынтымақтастық және халықаралық ұйымдармен бірлесіп, көпжақты қолдау арқылы тоқтатуға тырысамыз.
Іс-шарада сөз сөйлеген Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Раушан Қабланбекқызы: «Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл жағдай баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына кері әсер етуі мүмкін» екендігін айтып толығырақ түсіндіріп өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биыл маусымда 2025 жылғы маусым айында Республикасы бойынша Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Экологтар күніне орай және «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы...