ШЫМКЕНТ: ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ БАЛАЛАРҒА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҮЙРЕТУДЕ

ШЫМКЕНТ: ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ БАЛАЛАРҒА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҮЙРЕТУДЕ

Ел аумағында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы қолға алынып, қарқынды түрде жалғасып жатыр. Балалардың жол-көлік оқиғалары кезіндегі зардап шегуі, жарақат алуының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын нығайту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері оқушылардың мектепке барып-қайтатын, олар жиі жүретін көпшілік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті. Жолдағы қозғалыс бағыттарын арнайы іс-әрекетпен көрсету арқылы жол ережелерін жаттатты.
Акция аясында Абай АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция тобының инспекторы Ш.Баймаханов №137 жалпы орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына “Жолда абай бол!” тақырыбында сабақ өткізді. Тақырыпқа сай, жол ережелері түсіндіріліп, оқушыларға сұрақтар қойылды.
«Сабақ барысында оқушыларға көшеде және жолда жүру дағдыларын қатаң сақтап, жол ережесін жіті түсіндірдік. Сонымен қатар, көлік көп өтетін жерде жолды тек белгіленген орындарда және бағдаршамның жасыл түсіне ғана өту керектігін ескертіп, жол жүрісі ережелерімен таныстырдық. Балалар сабаққа белсенді қатысып, қауіпсіздік ережесі бойынша маңызды мағлұматтар алды»,- дейді тәртіп сақшысы.
Балаларды қорғау - балаларды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғаудың халықаралық және отандық жүйелері.
Бала құқығы дегеніміз – қандай да бір айырмашылыққа: нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, туған жеріне, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүлігіне , меншігіне, ататегіне немесе өзге де жағдайына қарамастан әр баланың (18 жасқа толмаған әрбір адам бала деп танылады) бойында болуы қажет бостандығы мен құқығы. Тұлғаның үйлесімді дамуы үшін бала махаббат пен мейірімділік бар ортада, отбасында, жақын және сүйіспеншілікке толы адамдар арасында өсуі керек. Ересектердің міндеті - баланы өз бетінше өмір сүруге дайындау, қоғамның толыққанды мүшесі болуына көмектесу және баланың қалыпты физикалық және интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
Балалық шақты қорғау - балалардың құқықтық мәртебесін айқындайтын нормативтік құжаттарды әзірлеу негізінде балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі; балалар еңбегін заңнамалық реттеу; қорғаншылық, қамқоршылық және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу жүйесін жетілдіру; тиісті көмекке мұқтаж балалармен түзету және оңалту жұмыстарын жүргізу үшін мамандандырылған әлеуметтік қызметтер мен мекемелер желісін құру. Балалардың және балалы отбасылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.
Өз кезегінде, оқушылар сабақта меңгерген жол белгілері мен ережелерін көрсетіп, бір-бірімен бөлісті. Полиция қызметкерлері дәрісті қорытындылай келіп, оқушыларға жолда абай болуға шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ