Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Ақбастау ауылына барып, округ тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. Округ орталығындағы Ш.Уалиханов атындағы мектептің ауласында ашық еркін форматта өткен кездесуде ақбастаулықтар көкейде жүрген сауалдарын қойып, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Аудан әкімі Ақбастау ауылдық округінде бұған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелердің жоспарға енгізіліп, тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығын баяндады.
Тұрғындар тарапынан округ орталығында ауыз су толық жетпейтіндігін, ішкі көшелердегі ағын су ағатын арықтарға құбыр қою, Бөген көшесіне бағана орнату және басқа да әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Тұрғындардың көтерген мәселелесі бойынша аудан әкімі тиісті сала бойынша орынбасарлары мен бөлім басшыларына және ауылдық округі әкіміне мерзімін белгілеп нақты тапсырма жүктеді.
«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Ақбастау елді мекеніндегі 11 ішкі көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңадан асфальт төселіп, аяқ жолдар салынып, суағарлар мен көше шамдары орнатылады.
Кездесу барысында ақбастаулықтар округке көңіл бөліп, атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын жеткізіп, аудан әкіміне алғыстарын білдірді.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы А.Кенехан, аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары қатысты, деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.