БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ БӨГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ БӨГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін бекітілген жоспар бойынша аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Бөген ауылдық округі тұрғындарымен Шалдар ауылында кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан Шалдар ауылының ауыз суы, су жинайтын мұнараны аыстыру, құрылыс жұмыстары жүргізілген Сарқырама елді мекенінің ауыз суын қабылдап, пайдалануға беру, Шалдарсай көшесіне тас төсеу мәселелері көтерілді. Аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша жеке-жеке жауап беріп, сала бойынша орынбасарлары мен тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына және ауыл әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиында аудан басшысы округ тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, арнайы хаттама түзіліп, әрбір мәселені шешу бойынша жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Жалпы округке қарасты Жиенқұм елді мекенін газға қосу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ержігіт Шәріпбековтің Бөген ауылдық округі тұрғындарымен өткен жиынына аудандық мәслихат төрғасы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары қатысты, деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінің өткен жолғы отырысында берген...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі...

Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бағытында жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін алдыңғы қатарлы қалаға...