Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген кестеге сәйкес орталық саябақта Шаян ауылының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстармен қатар алдағы уақытта орталықта атқарылатын бірқатар жоспарлы жобалармен таныстырды.
- Өздеріңізге белгілі, Шаяндағы тұрғындарды таза ауыз сумен қамту бойынша барлық көшелердегі су құбырлары жаңартылды. Осы аптада Айналма жол көшесіне ауыз суды беруді бастадық. Бірақ бұл босатылған су құбырларды тазалауға байланысты жіберілуде. Аудан орталығындағы барлық көшеге жүргізілген құбырларға жаңадан қазылған жер асты суынан кезең кезеңімен су жіберіліп тазартылатын болады. Сондықтан жіберілетін суды құбырлар тазаланып біткенге дейін ішуге болмайды. Тек бау-бақша мен тұрмысқа пайдаланыңыздар. Құбырлар толық тазаланып біткен соң қосымша хабарланып, таза ауыз суды пайдаланатынын хабардар ететін болады. Сонымен қатар су құбырын жаңарту кезінде қазылған жолдарды жөндеу мақсатында биыл орталықтағы 14 көшеге жаңадан асфальт жол төселеді. Қазіргі таңда өздеріңіз көріп отырғандай жолдарды кеңейту, тас төсеп тегістеу, бардюрлар мен суағаралар орнату жұмыстары жүргізілуде, - деді Ержігіт Шәріпбеков.
Жиында Шаян ауылының тұрғындары қоқысты уақытында тазалау, жөндеуден өтіп жатқан Әлжанов көшесіндегі қойылған суағарлардың үстінен тұрғын үйлерге кіру үшін құбырлар орнату, Т. Рысқұлов көшесіндегі бойлай орналасқан дүкендердің тазалығы, Қапшағайдан келіп жатқан ауыз судың Шаянға не үшін жетпей жатқанын зерделеу және басқа да әлеуметтік мәселелер айтылды.
Қойылған сұрақтар мен ұсыныс-пікірлер назарға алынды. Жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде жауаптыларға тапсырма берілді.
Аудан әкімінің Шаян ауылдық округі тұрғындарымен кездесу жиынына аудандық мәслихат төрағасы Асқар Кенехан қатысты, деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.