БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков бекітілген кестеге сәйкес Тасқұдық ауылында Жамбыл ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.
Кездесу жиынында аудан әкімі округ тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Атап айтқанда Жамбыл ауылдық округінде электр жарығының жиі өшуі, трансформатор ауыстыру, ауыз су бойынша су мұнараларын ауыстыру, Тасқұдық мектебіне қосымша жай соғу және басқа да әлеуметтік мәселелер көтерілді.
Аудан әкімі тиісті мекеме басшыларымен бірге сұрақтарға жауап беріп, кейбір мәселелердің орындалуын бақылауға алып, жоба әзірлеп жұмыс жүргізу жөнінде тиісті орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшыларына, ауыл әкіміне тапсырма берді.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары қатысты, деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада осы күндері ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден жетекші медициналық сарапшылар, танымал клиницистер, зерттеушілер мен профессорлар...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп...