ТҰРҒЫНДАРҒА МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

ТҰРҒЫНДАРҒА МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

«Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының жоспарына сәйкес Жетісай қаласында мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға Түркістан облыстық мәслихат депутаты Талғат Қаржауов пен аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Әділхан Асауов пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбеков, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мамандары мен аудандық орталық аурухананың дәрігерлері қатысты.
Халық қалаулысы мен жергілікті атқарушы орган басшыларына Қарақай, Мақталы, Жылы су ауылдық округітерімен қатар Жетісай қаласынан келген тұрғындар жол жөндеу, ескі электр бағаналарын ауыстыру, тұрғын үй салуға жеручаскелерін алу, абаттандыру, елді мекендерді табиғи газға қосу сынды өтініштерін жеткізді.
Талғат Қаржауов пен жауапты сала басшылары тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелердің аяқсыз қалмайтынын, талап пен ережелерге сәйкес жұмыстар жүргізілетінін түсіндірді.
Айта кетейік, бүгінде ауданда 2022 жылдан 2023 жылға өтпелі жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын Жаңа ауыл ауылдық округінің елді мекендеріне магистральды газ құбырын салу жұмыстары жүргізіліп, Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» АГТС және Ынтымақ ауылдық округінде «Киров» АГТС нысандарын биылғы жылы тапсыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 38 елді мекенге жобалау-сметалық құжаттарын рәсімдеуге 149,3 млн теңге қарастырылып, 26 елді мекенге қаржы бөлдіруге ұсынылған. Ал, қалған 12 елді мекеннің жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде. Оған қоса тағы 8 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 736,3 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары атқарылуда.
Одан бөлек, Жетісай қаласын ұлғайтуға арналған 80 га жер теліміне подстанция салу және Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты 3 елді мекендегі жаңадан түскен көшелерді электрмен жабдықтау желілерін салу және КТП орнату үшін 1,8 млрд теңгеге жоба жасақталып қаржыландыруға ұсынылса, Жаңа ауыл, Абай, Ж.Ералиев ауылдық округтеріндегі 15 елді мекенде жаңадан түскен көшелерге электр желілерін жүргізуге және трансформатор (КТП) орнатуға жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жоба әзірленуде.
Сондай-ақ, мобильді қоғамдық қабылдауда келушілерге биылғы жылы қала, кент, ауылдық округтерде жалпы ұзындығы 70,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2 млрд теңге қаралғаны түсіндірілді, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын нақты қорғау атқарушылық құжаттардың толық және уақытылы орындалуымен жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы сот...

Әділет министрлігі Халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекеттің мүдделері мен мүліктік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Өз...