КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудан аумағындағы №9 көркем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Қаратау ауданы әкімінің кубогі өткізілді.
Аудан әкімінің кезекті мәрте өткен дәстүрлі кубогіне 8-14 жас аралығындағы 130-ден астам жас спортшылар қатысты. Негізгі идея - осы тамаша спорттың барлық қырларын көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау.
«Көркем гимнастика – спорттың ең сұлу түрі. Сондықтан да болар, соңғы кезде спорттың осы түріне деген қызығушылық та артып отыр. Гимнастика әдемі спорт түрі болғанымен, күн сайын үздіксіз еңбектенуді қажет етеді. Себебі бүгінгі еңбек нәтижесі – ертең ел намысын қорғайтын «Чемпионды» даярлайды. Осы орайда, бүгінгі турнирде сынға түсіп отырған барша аруларымызға сәттілік тілеймін!» - деді, аудан басшысы Рақымберді Жанысбекұлы.
Турнир ережеге сәйкес жекелей және топтық бағытта өткізілді. Нәтижесінде топтық сайыстар бойынша жалпы 11 алтын, 12 күміс медаль иегерлері анықталды. Ал, жекелей сайыста 7 алтын, 7 күміс, 46 қола медаль иегерлері анықталып, аудан әкімінің арнайы Кубогімен, дипломымен және мерекелік сыйлықтарымен марапатталды.
Сондай-ақ, турнирге қатысушы барлық спортшыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Турнирдің қорытындысында аудан басшысы Рақымберді Жанысбекұлы барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды, бапкерлер мен ұйымдастырушылар алқасын құттықтап, сәттілік тіледі.
Еске саларлық, «Қаламызда демографиялық және миграциялық өсімдерге байланысты бала саны жыл сайын артып келеді. Осыны ескеріп, 2029 жылға дейін 80 мектептің құрылысын салуды жоспарлап отырмыз. Республикалық бюджетке тиісті ұсыныстар берілді» - деген болатын қаламыздың әкімі Мұрат Әйтенов.
Білім беру мекемелеріндегі балалар қауіпсіздігі де басты назарда. Қазір қаладағы барлық мемлекеттік білім беру нысандары бейнебақылау, дабыл түймелері, турникеттермен жабдықталған. Жол картасы аясында мектептерге қосымша 2,5 мың бейнебақылау жүйесін сатып алу жоспарланып отыр. Балабақшаларда тағы 7 мың бейнебақылау жүйесі орнатылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...