Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында, Жетісай ауданы әкімдігі қызметкерлері тарапынан «Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне қоғамдық бақылау жүргізілді.
Қоғамдық бақылау барысында, Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайы, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және т.б. мәселелер қаралды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайлы ақпараттық стендті жаңарту қажеттігі ұсыныс ретінде айтылды.
Сонымен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес жұмыс істеуді, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзекті мәселелерге көбірек көңіл бөлуді, азаматтардың өтініштеріне уақытылы және сапалы қызмет көрсету тапсырылды, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.