ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Мыңбұлақ елді мекенінде кезекті мобильді көшпелі қоғамдық қабылдауын өткізді.
Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, ұйымдастырылған мобильді көшпелі қоғамдық қабылдауда «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков, облыстық департамент, басқарма, жергілікті мемлекеттік бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері және облыстық, аудандық мәслихат депутаттары тұрғындардың арыз-өтініштерін қабылдады.
Оларға бәйдібектік 88 тұрғын өз мәселесін айтып көкейтесті сауалдарын жолдады. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі инфрақұрылым, ауылшаруашылық, интернет, жұмысқа қатысты мәселелерін алға тартты. Ойын, спорт алаңшаларын салу жөнінде де тұрғындар өз сұрақтарын жеткізді.
Жергілікті халықтың толғандырған мәселесі қатарында ауданның өзекті проблемасына айналған Мыңбұлақ ауыл округі Қайнарбұлақ ауылындағы су жинайтын башня және қосалқы трансформатор қажеттігі, Мыңбұлақ және Мәдениет ауылында 1970 жылдары қойылған электр ағаш бағаналарын ауыстыру мәселелері, Арыс-Түркістан каналының бойындағы Р-14-3 бұлақтан шыққан жеріндегі 1км жерде суағар жоқтығына байланысты, жаңадан суағар салу қажеттігіде бар.
Жалпы алғанда 88 тұрғын бір емес бірнеше проблемаларды ортаға салып көңілге қонымды жауаптарын алды. Әр облыстық және аудандық мемлекеттік қызметкерлер мен халық қалаулылары барлық өтініштерді қабылдау кезінде оңтайлы шешіліп, қаралуды талап ететін өтініштер хаттамаға түсіріліп оң шешілуіне дейін бақылауға алды, деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын нақты қорғау атқарушылық құжаттардың толық және уақытылы орындалуымен жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы сот...