ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 300-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 300-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкентте биыл жалпы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 300-ге жуық көше орташа жөндеуден өтеді. Құрылыс жұмыстары 202,6 шақырымға жүргізіледі. Қазір қала аумағындағы 26 көшеге асфальт төселуде.
Асфальттеу жұмыстары Агропром шағынауданындағы Алтынтөбе, Құрсай шағынауданындағы Бекболатов және №1,2,3,4,5,6 көшелерде, Айнатас тұрғын алабында Шоқтас және Боғылысай, Асар-2 шағынауданында Күншоғыр және №1,2,3 көшелерде, Ақжайық шағынауданында Шұбарсу, Сәдуақасов, Алпысбаев көшелерінде, Қызылжар шағынауданында Маралды көшесінде, Орманшы тұрғын алабындағы Алатау және Қажымұқан, 1,2 көшелерде, Базарқақпа тұрғын алабында Алай көшесінде аяқталды. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жоспарға енгізілген барлық көшеде жалғасады.
Нәтижесінде мегаполис жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 71,2 пайызға жетеді.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық Еңбекші ауданы көшелерін жарықтандыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандарға баратын орталық көшелер назарға алынады. Мұнан соң қалған көшелер мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағытта кезең-кезеңімен жарықтандырылатын болады.
Қазіргі таңда аудан шекарасының өзгеруіне байланысты жарықтандырылған көше саны – 89-ды құрап отыр. Сондай-ақ, Еңбекші ауданы аумағындағы 2022 жылы 121 көшесі жарықтандырылған болатын. Ал биыл 28 көше жарықтандырылады деп күтілуде.
Бүгінде шағынаудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелері мен қаланың орталық магистраль көшелерін жөндеуге басымдық беріліп отыр. Биыл 24 магистральды көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын нақты қорғау атқарушылық құжаттардың толық және уақытылы орындалуымен жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы сот...

Әділет министрлігі Халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекеттің мүдделері мен мүліктік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Өз...