КЕЛЕС: БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ 4 АУЫЛ ГАЗДАНДЫРЫЛАДЫ

КЕЛЕС: БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ 4 АУЫЛ ГАЗДАНДЫРЫЛАДЫ

Келес ауданының Бірлік ауылдық округіндегі 4 елді мекенге газ тарту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда елді мекендердің ішкі жүйелерінің құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан қайта қорытынды алынды. Жеткізуші магистрал газ құбыры «Абай» АГРС-тен тартылатын болып шешілді. Жеткізуші магистрал құбырының мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған соң, құрылыс жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен қаржы бөлдіру ұсынылады. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Бірлік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ауылдық елді мекендерге барып, жергілікті тұрғындармен кездесуде. Бірлік ауылдық округінде өткен кездесуде аудан басшысы алдымен өткен есептік кездесуде көтерілген мәселелерге тоқталып, олардың шешілуі деңгейін баяндады.
- Жергілікті тұрғындар көтерген мәселелерді шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары істеліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі Үшағаш ауылына 150 орындық бастауыш мектеп құрылысын салу мәселесі. Бүгінгі таңда жобалық сметалық құжаттары қайта әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға қорытынды алуға өткізілді. Қорытынды алынған соң, облыстық салалық басқармаға құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. Сонымен қатар Қосөткел, Ащысай, Мәдениет, Құрөзек елді мекендерінің тұрғындарын салалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Кешенді блок модуль» орнату жұмыстары атқарылуда, - деді аудан әкімі Жәнібек Есенұлы.
Аудан әкімі кездесу барысында Бірлік ауылдық округі аумағындағы елді мекендерді дамыту бағытындағы шараларға кеңінен тоқталып өтті. Кездесу соңынан жеке мәселелер бойынша келген тұрғындарды қабылдады, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық ведомствомен бірлесіп Отбасының цифрлық картасында...