ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының бас ғимаратында қоғамдық қабылдау бөлмесінде заңгерлік көмек бағытында тақырыптық қабылдау өткізілді. Қабылдауды заңгер, адвокат Тілеуов Ерлан Әлібекұлы құқықтық көмек көрсетті, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі.
Тақырыптық қабылауда алимент өндіру, несие тарихын реттеуге ықпал жасау, еңбек шарты бойынша өтемақы алу, жеке сот орындаушылардың әрекетсіздіктері және өзге де мәселелер төңірегінде болды. Мәселен, Сәуле Ізбасараова есімді қала тұрғыны жеті жылдан бері үш баласы үшін алимент алмағаны туралы шағымданды. Адвокат маман арыз иесіне тиісті кеңес беріп, құзырлы органдарға арыз жазуға нұсқау берді. Ал, Гүлбахира Оразов заңды некедегі жұбайымен ажырасқан жағдайда ортақ несиені өтеу бойынша ақыл-кеңес сұрай келіпті.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде заңгерлер жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін облыстағы аудан орта­лық­тарына барады. Яғни сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға көмек көрсетіледі. Тұрғындарға қаржы және құқықтық мәселелер бойынша түрлі кеңес беріледі.
Жобаның негізгі мақсаты — ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын тікелей әлеуметтік объектілерде қарастыру және заң аясында құқықтық көмек көрсету.
Жұртшылықпен оң бағаланған аталмыш жобаның жалғасымен бүгін Халықты жұмыспен қамту саласындағы проблемалы мәселелерге байланысты мемлекеттік орган өкілдері өңір тұрғындарын толғантқан мәселелерге құлақ түріп, олардың шешу жолында азаматтармен кері байланыс орнатып, құқықтық кеңестер берді.
Тұрғындар тарапынан түскен талап-тілектер бойынша заңгер түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қолданыстағы заңнамалар аясында кеңес берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп...

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қазақстандық колледждерді интернационалдандыру жүргізілуде. Бұл – ТжКБ жүйесін...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және вегетациялық кезеңді өткізу мәселелері қаралды, деп...