Бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Бөржар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, жыл басынан атқарылған жұмыстарға, алдағы жоспарларға кеңінен тоқталды.
Ауылдық округте жылдың басынан ауылшаруашылық саласына 301 млн тг инвестиция тартылған.
40-қа жуық шағын және орта бизнес субьектісі жұмыс істеуде.
2023 жылдың тамыз айында Қайнар е/м Төлтай, Дүйсенбин көшелерінің, Ұялыжар е/м Сәтбай, Кемелбеков көшелерінің ауыз су жүйесі толық аяқталады.
Жамбыл, Бірлік е/м газдандыру жұмыстары биыл аяқталады.
Осы жылы Ұялжардағы Т.Бокин көшесі, Ынтымақтағы Б.Шолақ көшесі, Қайнардағы Қажымұқан-2 көшесі, Теспе ауылының ішкі көшелері, Жамбыл ауылындағы Қалбырұлы көшесі, Бірлік ауылындағы Валиев көшесі орташа жөндеуден өткізіледі деп жоспарланған. Ал, Ынтымақ ауылындағы Жаңақұрылыс аумағына тас төсеу жұмыстары жүргізілмек.
Биыл Қайнар ауылындағы Антеев көшесіне жарықтандыру құралдарын орнату, Ынтымақ ауылындағы Самал көшесіндегі электр желілері ағымдағы жөндеуден өткізу, Ұялыжардағы Төлеби көшесіне балалар алаңшасын орнату жоспарланған.
Ықылас-темір ауылында ФАП іске қосылалы.
Сондай-ақ, алдағы уақытта Бөржар а/о “Ауыл аманаты” пилоттық жобасына енгізіп, құс шаруашылығын дамытуға ниет білдірген бөржарлықтарға 2,5% несие беру жоспарлануда.
Аудан әкімі Бөржар а/о жүзеге асырылатын осы және т.б.жобалар, нысандар туралы толық мағлұмат беріп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
Кездесудің соңында аудан басшысы бөржарлық бірнеше тұрғынды жеке мәселелерімен қабылдады, деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.