Бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Бадам ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, жыл басынан атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Бадам а/о, Дербес ауылында фельдшерлік-акушерлік тіректің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ол нысар осы жылы толық аяқталып іске қосылады.
Бадам елді мекенінде осы жылы спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады. Аталған жоба “Ауыл - ел бесігі” бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. 2024 жылы толық бітіп, ел игілігіне табысталмақ.
2024 жылы Бадам е/м, Орда мөлтек ауданында “Жайлы мектеп” Ұлттық жобасымен 600 орындық мектептің құрылысы басталып, 2025 жылы пайдалануға берілу көзделуде.
Сондай-ақ биыл Орда м/а ауруханаға баратын жол орташа жөндеуден өткізіледі. Ордабасы ауылындағы мектепке баратын жолға жарықтандыру құралдары қойылады.
Бадам, Мамыр, Дербес, Ордабасы, Қарабастау, Ақбұлақ елді мекендерін табиғи газбен қамту бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп жатыр.
Бадам е/м Төле би, Теңлібай, Байсеитова, Қайрат, Ахметов, Қабылова, Жананов көшелеріне ауыз су жүйесін тарту жұмыстары жүруде. Қыркүйек айында аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар Дербес ауылындағы Дайрабай көшесін ауыз су жүйесіне қосу жұмыстары жүруде. Тамыз айында аяқтау көзделген. Ордаьасы е/м бірнеше көшесіне ауыз су тартылуда. Жұмыстарды тамыз айында аяқтау жоспарланған.
Бадам ауылдық округінде “Ауыл аманаты” пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылуда.
Бадам а/о ауылшаруашылық саласына жыл басынан 28 млн.тг.инвестиция тартылған. 11 мың Га астам егістік жер игерілген.
Жалпы, аудан басшысы Бадам а/о ауылшаруашылық және кәсіпкерлік салаларын дамытуда потенциалы жоғары екенін айтып, тиісті сала мамандарына, ауыл әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер хаттамаға түсіріліп, олар бойынша жұмыс жүргізілетіндігі айтылды.
Кездесудің соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады, деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.