ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ СОҢЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАТЫСУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТІЛДІ

ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ СОҢЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНА ҚАТЫСУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТІЛДІ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында шымкенттік полицейлер тағы да студенттермен кездесіп, оларға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары және нашақорлықтан аулақ болудың маңыздылығы туралы ескертті.
Полицейлермен бірге аталған іс-шараға «Психикалық денсаулық орталығының» наркологы Садыкова Майра және «Жастар ресурстық орталығының» маманы Әлім Арайлым Ерланқызы қатысты.
Бұл жолы олар «Отырар» колледжіне барып, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу мақсатында студенттермен арнайы кездесу өткізді.
Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы кезінде «дәріхана нашақорлығының» қауіптілігі, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.
Сонымен қатар, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертті.
Іс-шара соңында студенттер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.

Жастармен кездесудің басты мақсаты – есірткі заттарының, ішімдік пен темекі тартудың жас ағзаға зияны, болашақ өміріне келтірер қасіретін түсіндіру. Сондай-ақ, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өміру сүруге тәрбиелеу және «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы бойынша кеңес беру.
Шымкентте жыл басынан бері 4 000-нан астам есірткі саудасымен айналысып келген сайт бұғатталып, одан бөлек дәріханаларда есірткінің орнын алмастыратын препараттардың дәрігердің рұқсатынсыз сатылғандары тәркіленген.
Есірткі организмге әр-түрлі тәсілдермен енгізіледі, көктамырмен енгізілетін есірткілер ерекше қауіптілік туғызады. Инъекциялық жолмен есірткі тұтыну елде, негізгі фактор болып табылады. Егер адам басқаның шприцін, инесін, басқа құралдарын есірткіні дайындау мен егу үшін пайдаланса немесе өз шприцін берсе қауіптілігі жоғарғы болады. Бұл жағдайда есірткі қабылдағандар АИТВ, гепатит В,С және тағы басқа жұқпаларды жұқтыру қауіпіне ұшырайды. Сонымен қатар есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, дайындағаны және таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жастар мен жасөспірімдер нашақорлықтың белең алмауы үшін есірткінің алдын-алу жұмыстарын кең көлемде жас ұрпақтың жүрегінен жол табатындай етіп кеңес жүргізіліп жүр.
Жастар спорт алаңында әркім өзінің таңдаған спорттық түрлерімен шұғылданатыны байқалады. Ендеше оларға ешқандай есірткінің қаупі жоқ. Жасөспірім, салауатты өмір салтын ұстан спортпен шұғылдан, сымбатты бол! Өз мемлекетіңді, нашақарлықтан сақта, өз ұлтының санын өсір. Дүниеге дені сау ұрпақ әкел! Арамызда дені сау, ұшқыр ойлы саналыда, сапалы жастарымыздың саны көбейіп, ғасыр дертімен бірге күресейік.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...