Бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Шұбарсу елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, жыл басынан атқарылған жұмыстар және алдағы уақытта қолға алынатын жобалар туралы баяндады.
Қазіргі таңда Шұбарсуда кезең-кезеңімен газдандыру, ауыз су құбырын тарту, электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, газдандырудың барлық кезеңін қосқанда жұмыстарды тамыз айында толық аяқтау көзделіп отыр. Сондай-ақ су құбырлары да қараша айында толық тартылып, абоненттерге сапалы ауыз су берілмек. Одан бөлек, электрлендіру жұмыстары да тамыз айында бітіп, жыл соңына дейін Шұбарсудың тұрғындары 100% сапалы электр энергиясын пайдаланбақ.
Сонымен қатар, осы жылы бірнеше көше орташа жөндеуден өтіп, бірқатарына тас төселінеді.
2024 жылы Шұбарсуда “Жайлы мектеп” Ұлттық жобасымен екі мектептің құрылысы басталады.
Шұбарсуда 12,8 га жерге жылыжай кешенін салу жоспарлануда. Жылыжай шаруашылығымен айналысуға ниетті
60 адамға 0,15 га жерден берілетін болады.
Осы және т.б.жұмыстар бойынша шұбарсулықтарды құлағдар еткен аудан әкімі жиын соңында тұрғындардың сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.