ORDABASY: АҚҚОЙЛЫ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕП ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ORDABASY: АҚҚОЙЛЫ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕП ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Шұбар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, жыл басынан атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарл туралы баяндап берді.
Шұбарсу а/о халықтың саны 11 мыңнан асады. 1401 тұрғын үй бар. 336 шаруа қожалық, 7 өндірістік кооператив орналасқан.
2023 жылдың басынан Шұбарсу ауылдық округінде ауылшаруашылық саласына
214 млн.тг.инвестиция тартылған.
Үстіміздегі жылы: Шұбар е/м жаңа көшелерге ауыз су құбыры тартылады.
Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай елді мекендері газбен қамтылады. Сонымен қатар, Тоқсансайдағы Көз ата көшесі, Берекедегі Абубакиров көшесі орташа жөндеуден өтеді. Шұбар ауылындағы Төлеби көшесі мен Аққойлы ауылындағы Пердебей көшесі жарықтандырылады.
Аққойлы ауылындағы “Ақбастау” атындағы 100 орындық мектептің құрылысы бітіп, қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен бірге Аққойлы мен Жусансай е/м фельдшерлік-акушерлік тірек ел игілігіне табысталмақ.
Осы және басқа да жоспарлар туралы тұрғындарды құлағдар еткен аудан әкімі кездесуді сұрақ-жауап форматында жалғастырды. Жиын соңында тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады, деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...