ORDABASY: АУДАН ӘКІМІ ҚАРАСПАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ORDABASY: АУДАН ӘКІМІ ҚАРАСПАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Қараспан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, қараспандықтарды жыл басынан атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын нысандар туралы құлағдар етті. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, жиын соңында жеке қабылдау өткізді.
Қазіргі таңда Қараспан а/о қарасты Берген, Көлтоған, Қараспан, Мақташы және Ақжол ауылдарын газдандыру қарқын алған. Барлығында газ тарту жұмыстары шілде айында аяқталады. Мәселен, Берген ауылында 250-ге жуық үй бар. Оларда 1662 адам өмір сүреді. Үйлердің барлығы келісім шарт жасасса, олардың 81-і үйінің ішіне газ құбырын жүргізіп үлгерген.
Мәдениет, Жұлдыз, Жаңатұрмыс, Ынтымақ ауылдары да көгілдір отынмен қамтамасыз етіліп, нәтижесінде 2023 жылдың соңына дейін Қараспан ауылдық округінің 78,8% -ы (11 мыңға жуық тұрғын) көгілдір отынға қол жеткізбек.
Қараспан, Сарыарық, Бейсен Мақташы
е/м ауыз сумен қамту жұмыстары да қызу жүргізілуде. Құрылыстары 2022 жылы басталған жұмыстар осы жылдың маусым айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.
2023 жылы Мақташы ауылындағы Адамбеков, Мұратбаев, Жабаев, Әбдібеков, Өмешбаев, Исабеков көшелері орташа жөндеуден өтеді деп күтілуде. Одан бөлек, Берген, Бейсен, Қараспан ауылдарындағы бірқатар көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Қараспандағы Әл-Фараби, Ырыс көшелеріне тас төселеді.
Осы жылы Қараспан мен Мәдениет ауылындарында көпсалалы спорт алаңшасын, Сарыарық ауылында балалар ойын алаңшасын орнату жоспары бар.
2023 жылдың 1 маусымы күні Қараспан ауылындағы 200 орындық “Мақташы” ЖОМ пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ Төреарық ауылында фельдшерлік-акушерлік тіректің құрылысы қызу жүруде. Нысан берер айда бітіп, ел игілігіне табысталатын болады, деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...