САЙРАМ: САЙРАМ АУДАНЫНА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

САЙРАМ: САЙРАМ АУДАНЫНА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Сайрам ауданында "AMANAT" партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, бірқатар облыстық мәслихаттың депутаттары жұмыс сапарымен ауданда болды.
Алдымен халық қалаулылары аудандық экономика және қаржы бөліміне келіп, бюджет қаржыларының мақсатты игерілуіне жүргізілген тексеру жұмыстары және аудан тұрғындарымен кездесулерде түскен арыз-шағымдарының қаралу барысы мен нәтижесі сұралды. Облыстық мәслихат аппаратының тиісті қызметкері сұрақтар бойынша түсініктеме берді.
Мұнан кейін, Amanat Partiyasy Sairam Audany филиалының ғимаратында "Ауыл Аманаты" жобасы аясында "Ашық есік күні" шарасы өткізіліп, жергілікті тұрғындарды мәселелерімен қабылдады.
Қабылдауға "Amanat" партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы Алмас Абдикадиров, аудандық мәслихаттың төрағасы Шамхат Халмурадов, облыстық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Н.Жамалбеков және С.Ералиев, Сайрам аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Галымжан Байболов, «Ырыс» шағын несие ұйымының аймақтық сарапшысы Д.Ендібаев, Ақбұлақ және Жібек жолы ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Ашық есік күнінде өткен қоғамдық қабылдауда «Ақбұлақ-ӨНІМДЕРІ» кооперативінің төрағасы Асанали Керимов пен Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғындарын «Ауыл аманаты» жобасы жайында түсіндіріліп, сұрақтарына қажетті ақпараттарды алды. Облыстық филиалдың төрағасы жобаның мақсатына кеңінен тоқталды.
Айта кетелік, Сайрам ауданы бойынша бұл бағдарламаның бірінші кезеңінде Ақбұлақ және Жібек жолы ауылдық округтері ұсынылған. Жоба аясында ауылдық округтерде скриниг жүргізіліп, нәтижесінде жалпы өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және өзге кәсіппен айналысуға Ақбұлақ және Жібек Жолы ауылдық округтерінен 244 тұрғынға (оның ішінде АӘК) алушы 70 азамат жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие алуға қызығушылық танытқан. Олар Ақбұлақ ауылынан 121, Жібек жолы ауылдық округінен 123 тұрғын ниет білдірген.
Келесі кезекте «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы бойынша оңтүстік өңірінің тұрғындарының солтүстіктегі тіршілігін көру үшін жолға шыққан топты салтанатты түрде шығарып салды, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...