Сайрам ауданындағы зағиптар қоғамының бір топ мүшелері аудан әкімінің орынбасары Б.Хасановтың қабылдауында болды.
Қабылдау барысында тұрғындар қоғамның төрағасы Ю.Каримшиковтің атқарып жатқан қызметіне шағымдарын білдірді. Өтініштерін ескере отырып, алдағы уақытта оң шешімін қарастырып беруді сұранды.
Жеке мәселе тыңдалған соң, заңға сәйкес әкімдіктің қоғамдық бірлестіктің ішкі мәселелеріне тікелей араласуына құқы жоқ екені түсіндіріліп, тиісті мекемелердің назарына жеткізу мәселесі қарастырылатыны туралы түсіндірілді, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.