САРЫАҒАШ: ТЕГІСШІЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: ТЕГІСШІЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Тегісшіл ауылдық округі тұрғындарымен кездесуге аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Полатов барды. Алдымен наурыз айындағы кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтіп, тұрғындардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.
- Атқарушы биліктің негізгі мақсаты – аудан тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуын қамтамасыз ету,-деді Б.Полатов.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз ету, ортақ мал жайылымы, жолға шағал және асфальт төсеу, мектеп салу, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, қоғамдық тәртіп мәселелері талқыланды.
Кездесуден кейін, Б.Полатов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, талап-тілектерін тыңдады. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, хаттама толтырылып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада осы күндері ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден жетекші медициналық сарапшылар, танымал клиницистер, зерттеушілер мен профессорлар...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп...