САРЫАҒАШ: САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ Б.ПОЛАТОВ ДАРБАЗА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

САРЫАҒАШ: САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ Б.ПОЛАТОВ ДАРБАЗА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Полатов Дарбаза ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.
Б.Полатов кездесу барысында алдымен наурыз айындағы кездесуде көтерілген мәселелер бойынша тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Жиын барысында тұрғындардың басым бөлігі таза ауыз сумен қамтамасыз ету, ортақ мал жайылымы, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жолға асфальт төсеу, тозығы жеткен электр бағаналары мен желілерін ауыстыру, мал ұрлығы туралы өтініштері мен пікірлерін айтты.
Кездесуден кейін, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Полатов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, талап-тілектерін тыңдап, заң аясында жауап берді.
Сондай-ақ, Б.Полатов тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінің өткен жолғы отырысында берген...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі...

Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бағытында жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін алдыңғы қатарлы қалаға...