Күннің екінші жартысында аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
-Өздеріңізбен арнайы жүздесіп, маңызды мәселені талқылау үшін келіп отырмын. Атқарушы биліктің негізгі мақсаты – аудан тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуын қамтамасыз ету,-деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.
Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан аудан басшысына таза ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, инфрақұрылым жүйесін жақсарту мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.
Кездесуден кейін, аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.