ШЫМКЕНТТІК ЖАС ҒАЛЫМ «АҚЫЛДЫ ҮЙ» МОДЕЛІН ОЙЛАП ТАПТЫ

ШЫМКЕНТТІК ЖАС ҒАЛЫМ «АҚЫЛДЫ ҮЙ» МОДЕЛІН ОЙЛАП ТАПТЫ

Шымкент қаласы № 89 ІТ мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Шұғыла Сапарбек «Ақылды үй» жобасын көпшілік назарына ұсынды.
«Ақылды үй» макеті Arduino Uno программасы арқылы автоматтандырылған. Ақылды үй - адамның көмегінсіз жұмыс істейтін электронды құрылғылар арқылы жүзеге асырылады. Ақылды үй адамдарға қолайлылық пен жарқын өмір сүруге мүмкіндік береді», - дейді жоба жетекшісі Райхан Бердазимқызы.
Шұғыла Сапарбек өзінің ұсынған жобасын былай түсіндіреді: «Ақылды үйге күн панелі мен жел генераторын орнаттым. Күн панелі 180° градусқа күнмен бірге айнала отырып өзіне қуат көзін жинайды.
Ал жел генераторы желдің бағытына қарай қалақшалары арқылы қуат көзін жинап үйге жарық беріп отырады. Жинақталған энергия көзі вольтметрде көрсетіп тұрады. Қазіргі уақытта үйдің тоғы 100% жұмсайтын болса, ақылды үйде орналасқан күн панелі мен жел генераторының көмегімен біз қуат көзінің 30% пайызын үнемдейтін боламыз», -дейді.
Жалпы ақылды үйдің ішінде су датчигі, өрт датчигі және де газ датчигі орналасқан. Су датчигі су шыққан жағдайда бірден zummer датчигі арқылы сигнал беріледі және Bluetooth желісі арқылы үй иесіне SMS хабарлама жібереді.
Өрт датчигі мен газ дәл солай, үйде өрт және газ шыққан жағдайда бірден оны сезіп, zummer датчигі арқылы сигнализация орнайды және үй иесіне Bluetooth желісі арқылы телефон құрылғысына смс хабарлама келеді.
Еске салар болсақ, 2023 жылғы 26 сәуір күні Шымкент қаласында «Елбасы Медалі» жобасының алтын, күміс, қола медаль жүлдегерлері марапатталған болатын. «Елбасы Медалі» жобасы жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты Қазақстан жастарына арналған жоба. Бүгінгі марапаттау рәсімге «Дарын» орталығының директоры Джеренова Раушан Омарханқызы, А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия директоры Аманкулова Анар Сагинбековна, №14 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Байбосынова Гаухар Смановна қатысты. Қатысушылар жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді. Спортпен шұғылданып, өнерге бет бұрды, төл мұраны дәріптеді. Сонымен қатар олар қайырымдылық жасап, кітап оқу арқылы өздерін дамытты. Ұлттық деңгейдегі бірегей бағдарлама жас буынды жан-жақты дамытуды көздейді. Республика бойынша осы жобаға 20 мыңнан астам жастар қатысса, Шымкент қаласынан 1600 жас талант бағын сынады. Бүгінгі жиында 39 алтын, 70 күміс және 559 қола медаль жүлдегері марапатталды. Барлық қатысушыларды марапаттарымен құттықтаймыз.
Шымкенттік оқушының бұл жұмысы білім сайысына 600-ге жуық қатысушының ішінен үздік деп танылып, бас жүлде иегері атанды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық ведомствомен бірлесіп Отбасының цифрлық картасында...