САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласы, Т.Қасымбеков көшесі №38 үй тұрғыны Ж. Сунакбаеваның тұрғын үйіне қатысты көтерген мәселесі бойынша арнайы барып,мәселенің мән-жайымен танысты.
Қала тұрғыны Рамадан каналынан үйіне қарай су түсуіне байланысты, қазір таңда үйінің апатты жағдайда тұрғанын аудан басшысына таныстырып өтті.
Аталған мәселе бойынша қала тұрғының алдында атқарылған жұмыстар жөнінде, атап айтқанда 2022 жылы астау (лоток) салынғандығы және Т.Қасымбеков көшесінің жолын орташа жөндеуден өткізу мақсатында сметалық құжатамасы әзірленгендігі туралы Сарыағаш қала әкімі М.Доспулов пен аудандық төтенше жағдай бөлімінің қызметкері бірге баяндап берді.
Осы орайда аудан басшысы Арман Абдуллаев тиісті бөлім басшыларына халықтың мұң-мұқтажын тыңдап қана қоймай, жедел шешу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
Тұрғындардың әрбір мәселесі аудан басшысының назарында. Әрбір мәселенің оң шешімін табу жолында тынымсыз әрекет етілетін болады, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...