ТӨЛЕБИ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

ТӨЛЕБИ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Бүгін түс мезгіліне дейін өткен жеке қабылдау барысында Алатау ауылдық округі Нысанбек елді мекенінен келген Қасымхан Өмірзақов мазаратқа баратын жолдың лагерь иелегіне өтіп, тұрғындардың бабалар рухына құран бағыштау мүмкіндігі болмай тұрғанына шағымданған болатын. Аудан әкімі Төлеген Телғараев тұрғындардың өтінішіне сәйкес, «Балдәурен-Түркістан» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиал директоры Дәурен Босымбаевқа жолығып, елді мекен халқының өтінішін жеткізді.
Дәурен Әбдікерімұлы өз кезегінде туындаған мәселені шешу мақсатында бірлесіп жұмыс істеуге әзір екендігін айтып, игілікті іс қолдау табатындығына сенім білдірді. Тұрғындардың өтінішін назардан тыс қалдырмаған аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы аталған мәселені дер кезінде заң аясында шешу бағытында жұмыстар жүргізіп, шешу жолдарын қарастыруда, деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанай облысындағы бес ауылдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіп сақшысы, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Бір округке бес...

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық техника саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі - қытайлық Mindray корпорациясымен бірлесіп, Қазақстан...

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда Каспий...