ТҮЛКІБАС: КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ТҮЛКІБАС: КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауда болған азаматтар тарапынан көтерілген жайылымдық жерлердің жетіспеуі, қараусыз жатқан жерлерді мемлекет есебіне қайтару, ауыз су қысымының жетіспеуі сынды мәселелер бойынша аудан басшысы қолданыстағы заңдарға сәйкес нақты жауап беріп, тұрғындар өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Қабылдау барысында кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы аясында “мемлекеттік грантқа” қол жеткізе алмаған тұрғындар аудан әкімінің көмегіне жүгінді. Аудан басшысы Нұржан Жақсылықұлы наразы болған тұрғындарды сабырға шақырып, барлық өтініштер заң талаптарына сәйкес атқарылатынын жеткізді. Сонымен қатар, комиссия төрағасына гранттың не себепті берілмегенін анықтап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және халықтың сұрауы бойынша комиссия құрамын қайта қарап, өзгертулер енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...

Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, ведомствоға...

Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы стратегиялық әріптестікті бекітетін және медициналық...