ТӨЛЕБИ: КӨТЕРІЛГЕН ӘР МӘСЕЛЕ ЗЕРДЕЛЕНІП, ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ

ТӨЛЕБИ: КӨТЕРІЛГЕН ӘР МӘСЕЛЕ ЗЕРДЕЛЕНІП, ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендер негізінен табиғи газ, тұрғын үй, жол, мобильді интернет жылдамдығына қатысты сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.
Диханкөл елді мекенінің тұрғыны Гүлжан Аманкулова мектептердегі жайттар, білім беру саласындағы олқылықтар мен жеткен жетістіктер жөнінде әңгімелесе, қала тұрғыны Бақытжан Айнабеков демалыс аймағындағы күл-қоқыстарын жинау мәселесіне қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Ленгір қаласының тұрғыны Айсана Өмірқұлова табиғи газ жеткізуге қатысты толғандырған сұрақтарын қойса, Шахта Тоғыс елді мекенінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жақсыбаев елді мекендегі тозығы жеткен жолдар мен мобильді интернет желісінің сапасын жақсарту жөнінде шағымдарын айтты. Зәуре Абдирова тұрғын үй мәселесіне қатысты мамандардан кеңес алып, кезектілікке қатысты өтінішін жеткізді.
Қабылдау барысында аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы көтерілген әр мәселені мұқият тыңдап, мәселелер зерделеніп, заң аясында шешу жолдары қарастырылатынын айтып, ҚР ӘРПК заңының талабына сәйкес, әр өтініш иесіне жазбаша жауап берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...