СЕМСЕРЛЕСУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫН ЖЕҢДІ

СЕМСЕРЛЕСУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫН ЖЕҢДІ

Стамбул қаласында Семсерлесуден әлем кубогы өтті. Жерлестеріміз алтыннан алқа тағып, тарихты жаңғыртты. Қазақстан құрамасы 1/8 финалда әлем рейтингісінде екінші орында тұрған Италия елін тізе бүктірсе, ширек финалда Аргентина елін жеңді. Ал, жартылай финалда Испания елінің семсерлесушілерін ойсырата ұтып, финалда Нидерланды еліне мүмкіндік бермеді.
Құрамада Шымкент қаласының екі бірдей семсерлесушісі өнер көрсетті. Олар:
Алимжанов Эльмир;
Сертай Ерлік;
Қазір спортшылар Париж қаласында өтетін Олимпиадаға қызу дайындық үстінде.
Семсерлесу — қылыш қолдану өнері. Ұрыс кезінде қаруды ойнату, жарақаттау, қорғану тәсілдерін қамтиды. Қылыштасудың сермеу, толғау, үйіру сияқты ойнату тәсілдері, кесу, шабу, түйреу сияқты жарақаттау тәсілдері, қарсыласының қаруын қағу, қармау, ілу, қайыру, жұлу сияқты қорғану тәсілдері бар. Қоян-қолтық айқастарда жеңіске жету үшін бұл тәсілдерді жауынгерлер жетік меңгеруге міндетті болды. Орта ғасырларда бұл өнерді шебер меңгерген жауынгерлер қылышкер атанып, олардан арнаулы қосындар құрылған.
Қылыштасу, қазақ батырларының негізгі ұрыс түрлерінің бірі. Бірақ оның Еур., елдеріндегі сайыстан өзгешелігі ат үстінде орындалатындығында. Бір қолына ұстаған қалқанымен қорғана отырып, қылышты оңды-солды сілтеп қарсыласын шебер шаба білу батырдың айбынын асырып, жаңа түрін ойлап шығарды, оған Қытайдың кендо, француздардың су қарумен сайысуының кейбір әдіс-айлалары енді. 2001 жылы қараша айында Алматыда балалар арасында қ. шабудан алғашқы жарыс өтті. 200-ге жуық жас жеткіншектер күш сынасқан бұл бәсеке көпшіліктің көңілінен шықты.
Айта кететін, биыл Қаратау аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жеті ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда. Жыл соңына дейін тұрғындардың талабы ескеріліп, Тұранда - 2, Нұртаста - 2, Таскен тұрғын алабында -2, Өтеміс тұрғын алабында – 2 және Шапырашты тұрғын алабында - 1 спорт алаңы бой көтереді. Жобада жаттығуға арналған Workout элементтерімен бірге, демалушыларға арналған орындар қарастырылған. Заманауи талапқа сай бой көтеретін алаңшалар бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...