Қала әкімінің ашық алаңда сектор тұрғындарымен кездесуі- Отырар секторында жалғасты.
Отырар секторында өткен сәуір айындағы басқосуда 103 тапсырма жүктелген болатын. Оның 83-і орындалды, 20 тапсырма аясында жұмыстар атқарылуда.
Бүгінде аталған секторда бірқатар тірліктер тындырылған.
Секторға қарасты 11 көшеге (15 шқ) көшеге тас, 2 көшеге асфальт төселді.
Сондай-ақ, 5 шақырымды құрайтын 4 көшеге жаяу жүргінші жолы салынып, мөлтек ауданда 45 аялдама жасақталды. № 6, 10 бағыттағы автобустары жаңартылып, №17, №20 жаңа бағыттары іске қосылды.
Одан бөлек, инфрақұрылым саласы бойынша арнайы дайындалған жобалар жүйелі жүзеге асуда. Бүгінде аталған секторға 25 шақырымға созылған кәріз жүйесі тартылуда. Жарық саласына келер болсақ, 10 жаңа трансформатор ауыстырылып, тағы қосымша 10 трансформатор ауыстыру жоспарлануда.
Және жоспар бойынша аталған секторда 2000 орындықты жайлы мектеп құрылысын басталмақ.
Жиын соңында қала әкімі алаб тұрғындарымен бірқатар мәселелерді талқылап, азаматтардың ұсыныстары мен өтініштері бойынша бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.