Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәсілдерін, оның ішінде электронды түрде қолжеткізу мүмкіндіктерін аудан тұрғындарына кеңінен түсіндіру, кеңес беру, жалпы осы бағыттағы цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында 2023 жылдың 20 маусымында Жетісай аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі ғимаратында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
Қоғамдық қабылдауға Жетісай ауданы әкімдігіне қарасты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы, ауылшаруашылығы және жер қатынастары, экономика және қаржы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының жауапты мамандары қатысты.
Іс-шараға белсенді қатысқан 30-ға жуық тұрғын өз сауалдарын қойып, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді.
Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тарапынан әлеуметтік көмектер, тұрғын үй кезегі, жерге қатысты құқықтық құжаттар, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сұранысқа ие екендігі байқалды.
Алдағы уақытта осы секілді іс-шаралар өз жалғасын табатын болады., деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.