ҚАЗЫҒҰРТ: АУДАН ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЗЫҒҰРТ: АУДАН ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Ауданы әкімі Азизхан Исмаиловтың бастамасымен, Қазығұрт ауданы, Жігерген ауыл округінде ауданымыз жастарымен жылжымалы кездесу болып өтті. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген бұл шара «Жастар – ел тірегі» деп аталып, ауданымыздың барша ауыл округтерінен көптеген белсенді жастар қатысты.
Аудан жастарының ой өрісін дамыту, тарихымызды тереңінен тануға баулу, өз уақыттарын тиімді пайдалануға дағдылау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға аудан әкімі Азизхан Азимханұлы арнайы қатысып, өскелең ұрпаққа ұлгі болар сөздерін айтып, болашағына бағыт бағдар беретіндей еркін форматтағы кездесу жасады. Сондай-ақ, атаулы шара барысында үстел теннисі мен волейболдан спорттық сайыстар және «ұшқыр ой» интеллектуалды жарыстары ұйымдастырылды. Сайыстар нәтижесімен волейболдан Тұрбат елді мекені жастары 1-орын, Қаржан елді мекені жастары 2-орын, Үшбұлақ елді мекені жастары 3-орынды иеленсе, үстел теннисінен Ж.Тлевкабулов 1-орын, А.Бекзатов 2-орын, М.Полат 3-орынды жеңіп алды. Ал, «Ұшқыр ой» интеллектуалды сайысында Тұрбат жастары ойдан жүйрік шығып 1-орынды иемденсе, Жігірген жастары екінші және үшінші орындарды еншіледі. Барша сайыстан жеңімпаз атанған жастарға аудан әкімінің арнайы Алғыс хаттары табысталды. Қызықты әрі естен кетпес естелікке толы болған бұл іс-шараға аудан жастары дән риза болып, ұйымдастырушылар мен аудан әкіміне ерекше алғыстарын айтты, деп хабарлайды Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов авиация саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. Президенттің Қазақстанның авиациялық хаб ретіндегі рөлін...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту және денсаулық сақтау мекемелеріндегі...