ҚАЛА БАСШЫСЫ МЕТАЛЛУРГ СТАДИОНЫНЫНЫҢ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН БАЛАЛАР КҮНІНЕ АЯҚТАУДЫ ТАПСЫРДЫ

ҚАЛА БАСШЫСЫ МЕТАЛЛУРГ СТАДИОНЫНЫНЫҢ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН БАЛАЛАР КҮНІНЕ АЯҚТАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов заманауи талапқа сай бой көтерген “Металлург” стадионының аяқталу сатысындағы реконструкциялық жұмыстарын тексерді. Құрылысшылар спорт залдарының ішкі әрлеу, сыртқы абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Жоспарға сәйкес мұнда 1504 орындық трибуна, командалық ойындарға арналған 480 орындық спорт зал, 62 орындық спортшылар үйі, әкімшілік корпус қарастырылған.
“Нысан қаламызда бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға мүмкіндік береді. Стадион жанында 60 адамға арналған қонақүй қарастырылған. Мұнда республикалық маңызы бар жарыстар, түрлі спорттық шаралар ұйымдастыруға барлық жағдай жасалады” – деді қала әкімі.
М.Дүйсенбекұлы стадионды Халықаралық балалар күнінде қолданысқа беріп, үш жыл қатарынан өтіп жатқан Жастар Лигасының финалдық кезеңдерін өткізуді ұйымдастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, Шымкент сити шағынауданында Конгресс-холл бой көтеріп келеді.
Қазір мұнда әрлеу, ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысқа 200-ден астам жұмысшы, 20 техника жұмылдырылуда.
5 блоктан тұратын 3 қабатты, ғимаратта 2066 орындық көрермен залы, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз орталығы, 148 орындық асхана қарастырылған.
Заманауи талапқа сай бой көтеріп келе жатқан нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Көп салалы орталық ретінде іске қосылатын ғимаратта халықаралық конференциялар, фестивальдар мен концерттік бағдарламалар, өзге де ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
Сонымен қатар, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы қаладағы 4 репродукция орталығы арқылы іске асырылады. Сонымен қатар алдағы уақытта 200 төсектік перинаталдық орталықты салу жоспарланып отыр.
Әйелдерді жұмыспен қамту шаралары да жұмыссыздық деңгейін төмендетуде. Жыл басынан бері мемлекет қолдауымен жұмыспен қамту шараларына 11 мыңнан астам адам қатысқан болса, жартысына жуығын қыз-келіншектер құрайды.
Мегаполис мектептерінде қауіпсіздік шаралары да толық қамтылған. Заманауи талаптарға сай бейнебақылау жүйелері және дабыл батырмалары орнатылып, Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Білім ғимараттарында мамандандырылған күзет жұмыс істейді.
Қала мектептеріндегі сыртқы әжетхана түбегейлі жойылып, білім ұйымдарының аулалалары толығымен жарықтандырылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ