ҚАЛА ӘКІМІ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

Қазір Шымкентте 7 білім нысанында қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аумағы кеңейтіліп жатқан бірқатар білім ошақтарының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Сайрам шағынауданындағы №65 мектеп-гимназиясының қосымша 600 орындық оқу корпусы бой көтеруде. Соңғы үлгіде салынған ғимаратта сынып бөлмелері, кітапхана, логопед кабинеті, спортзал, 220 орынға арналған асхана қарастырылған.
Мұрат Дүйсенбекұлы Ш.Қалдаяқов көшесіндегі №45 мектеп-гимназиясында да болып, 300 орынға арналған 3 қабатты қосымша ғимараттың құрылыс-монтаж жұмыстарын қадағалады. Заманауи талапқа сай салынған оқу корпусында сынып бөлмелерінен бөлек, спортзал, зертхана бөлмелері, 78 орынға арналған асхана қарастырылған.
“Ғимараттардың интерері классикалық үлгіде болуы керек. Бұл ретте дизайнерлермен тиісті жұмыстарды жүргізіңіздер. Құрылысқа қатысты өзекті мәселелер дер кезінде шешілуі тиіс” - деді қала әкімі.
Мұрат Дүйсенбекұлы М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназиясының да қосымша корпустарының құрылысын тексерді. 1 100 орынға арналған ғимаратта сынып бөлмелері, 250 орындық акты залы, спортзал, 320–орындық асхана құрылысы жобаланған.
Қала әкімі жауаптыларға сапасыздыққа жол бермей, нысандарды өндірістік кестеге сай саяқтап, үш ауысым мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.
Сонымен қатар, тапшылықты жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралыңында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 10 мектеп салу жоспарлануда. 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда.
Атап айтқанда.
1.Нұршуақ (Достық жағы) ш.а 2000 орындық мектеп.
2. Нұршуақ (Ынтымақ жағы) ш.а 2000 орындық мектеп.
3. Жаңатұрлан ш.а 1200 орындық мектеп.
4. Қатынкөпір шағын ауданында 1200 орындық мектеп.
5. Бозарық шағын ауданында 2000 орындық мектеп.
6. Достық ш.а 2000 орындық мектеп салу.
2024-2025 жылдары 4 мектеп:
7. Ақниет шағын ауданында 1200 орындық мектеп.
8. Асар-2 шағын ауданында 1500 орындық мектеп салу.
9. Шымкент Сити ш.а 2000 орындық мектеп.
10. Қайнарбұлақ ш/а Сырым батыр көшесі бойынан 2000 орындық мектеп.
Ал аудан бойынша жалпы 6 мәдени нысандар туралы бар. Сонымен қатар, халық қатысатын бюджет аясында 2023 жылы 23 жоба жасалатын болады. Оның ішінде 15 әмбебап спорт алаңша және 3 спорт алаңша салынатын болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ