СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ КҮШТІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАЙДЫ

СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ КҮШТІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ПЫСЫҚТАЙДЫ

Бүгін Шымкентте өткен жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға барлық азаматтық қорғау қызметтері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, химиялық қауіпті нысандар, ауруханалар, білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Төтенше жағдайды алдын алу шарасы кезінде мекемелердің дайындығы мен міндеті пысықталды.
Шартты түрдегі табиғи апатқа байланысты жедел штаб құрылып, оның жұмысына қала әкімі Мұрат Әйтенов жетекшілік жасады. Шартты түрде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.
“ Кешенді шұғыл шаралар ең бастысы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады. Төтенше жағдай зарбадын алдын алу мақсатында қазір қала аумағындағы ескі үйлерді сейсмикалық аудиттен өткізу жұмыстары қолға алынып отыр. Зерделеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес, сүрілуге жататын ғимараттарды анықтайтын боламыз. Қажет болған жағдайда орнына жаңа тұрғын үйлердің құрылысын бастаймыз” – деді М. Дүйсенбекұлы.
Жер сілкінісі салдарынан шартты түрде жартылай қираған мекенжайға өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 14 өрт сөндіру автокөлігі жеткізілді. Арнайы күштер шұғыл түрде барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялады. Тұрғын үйдің 6-шы қабатында шартты түрде шыққан өрт сөндіріліп, адамдар құтқарылды.
Сейсмикалық жаттығулар күштік құрылымдардың дайындығын пысықтап, тұрғындардың зілзала кезінде іс-қимылдарын ширатуға, азаматтық қорғанысты күйшетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 4 автомобильге арналған депо Түркістан көшесі бойында салынуда. Соңғы үлгіде жабдықталатын ғимаратта қызметкерлер кабинеттерінен бөлек акт залы, қоймалар, оқу сыныбы, мұрағат пен асхана қамтылған. Жоспарға сай нысан биыл мамыр айының соңына дейін пайдалануға беріледі.
Бұл бекеттер өрт сөндірушілердің жұмысын жеделдетуге мүмкіндік береді. Нысандарды аралау барысында қала әкімі жауаптыларға ғимараттардың барлық талаптарға сай бой көтеруін бақылауды, құрылысты уақытында аяқтауды тапсырды.
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы қызметкерлері мен төтеншеліктер Тұран, Қазығұрт шағынаудандарында газ тұтыну қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ