ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА 12 БАҒДАРШАМ ОРНАТЫЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА 12 БАҒДАРШАМ ОРНАТЫЛУДА

Шымкентте жол қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында жыл сайын жаңа бағдаршамдар орнатылуда. Мәселен, 2022 жылы қажеттілігі бар аймақтарға 12 бағдаршам орнатылып, қала көшелеріне жалпы 450 шақырым жол таңбалары сызылған және 4000 жол белгісі қойылған болатын.
Ал биылғы жылы да 12 орынға бағдаршам бекіту жоспарланған.
Сондай-ақ, қала көшелеріне жалпы 400 шақырым жол таңбалары сызылады. 800 метр жасанды жол кедергілерін әлеуметтік маңызы бар мекемелердің алдына қою және 3500 жол белгілерін орнату жоспарда бар. Жалпы қала аумағында орналасқан 291 бағдаршам нысандарын күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда.
Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол кептелістері жиі орын алатын уақыттар мен орындар күнделікті зерделенуде. Бүгінде 100 көшенің қиылысына 877, 200 көшенің бойына жол ережесін бұзған автокөліктерді автоматты түрде тіркейтін 800 бейне бақылау қондырғылары орнатылған. Бақылау жүйелері жол бойындағы қауіпсіздікті күшейтіп, апатты азайтуға септігін тигізуде.
Шұңқырларды жамау, күтіп ұстау және аяқжолдарды қалпына келтіру жұмыстарының жоспарына сәйкес 5 аудан аумағында жол жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Қала аумағындағы көлік қарқыны жоғары орталық Қонаев, Тәуке хан даңғылдары, Аймауытов, Жібек жолы, Сайрам көшелері, Темірлан тас жолы және Желтоқсан, Бөгет көшелер жолының бірқатар бөліктерінде жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Аталған жұмыстарға қажетті асфальтпен жақында қайта іске қосылған жергілікті “Бозарық АБЗ” ЖШС зауыты қамтамасыз етіп отыр.
Қала әкімі осы бағыттағы жұмыстармен, өзекті мәселелермен жіті танысып, жауаптыларға қауіпсіздікті күшейту мақсатында нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері оқушылардың мектепке барып-қайтатын, олар жиі жүретін көпшілік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті. Жолдағы қозғалыс бағыттарын арнайы іс-әрекетпен көрсету арқылы жол ережелерін жаттатты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ