ШЫМКЕНТ: ФУТБОЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 23 МЫҢ ЖАНКҮЙЕР ЕЛІМІЗДІҢ ӘНҰРАНЫН ОРЫНДАДЫ

ШЫМКЕНТ: ФУТБОЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 23 МЫҢ ЖАНКҮЙЕР ЕЛІМІЗДІҢ ӘНҰРАНЫН ОРЫНДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласында футболдан Қазақстан чемпионатының 12-ші туры аясында Ордабасы мен Атырау командалары арасында тартысты матч өтуде. Ойынның ашылу салтанаты сәтінде 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, опера әншісі Майра Мұхамедқызымен бірге орталық стадионға жиналған 23 мыңнан аса жанкүйер бір мезетте еліміздің әнұранын шырқады.
Көк туымыз қалықтаған аспан астында шабыт алған футбол шеберлерінің бұл ойыны тартысқа толы болды. Матч Ордабасылықтардың 2:1 есебіндегі жеңісімен бітті. Ойын барысы жанкүйерлерге тамаша әсер қалдырды. Бұл ойынды көруге келген жанкүйерлердің көңіл-күйінен айқын байқалды.
Сондай-ақ, биыл 6 мыңға жуық оқушы қатыстырылған «Шымкент жастар лигасы» бұқаралық сипат алды. Дүбірлі додаға Абай ауданынан - 41, Әл-Фараби ауданынан -29, Еңбекші ауданынан - 40, Қаратау ауданынан – 41 команда сайысқа түсті.
Футбол ойындарына қатысқан 135 командадан үздік үштік анықталды. №47 Тәжібаев атындағы мектеп-гимназиясы футболшылары Лига чемпионы атанды. Жүлделі 2-орынды №80 ІТ мектебі, 3-орынды №90 дарынды балаларға арналған мектеп гимназиясы қанжығалады.
Еске салар болсақ, Шымкентте 2022 жылы бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Шымкент жастар лигасы» екінші рет ұйымдастырылды. Өткен жылы 140 мектеп қатысқан болса, биылғы жылы спорттың 4 түрінен 151 мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысты.
Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Металлург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебі ғимаратына қосымша құрылыс және Бозарық шағын ауданында ауыр атлетика спорт кешені, «Медициналық колледжі» спорт залының құрылысы жүргізілуде.
Сонымен бірге, жеке инвесторлар есебінен «Ипподром» және «Үстел теннисі орталығының» құрылысы жүріп жатыр.
Футбол – халықтың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың ең қолжетімді, танымал және бұқаралық сипаттағы спорт түрлерінің бірі. Дене тәрбиесінің қалпытасуында ойын жетекші орын алады. Футбол — достық, жолдастық, өзара көмек сезімін қалыптастырады; жауапкершілікті сезіну, серіктестер мен бәсекелестерге құрмет, тәртіп, белсенділік сияқты құнды адамгершілік қасиеттерді дамытады. Әрбір футболшы өзінің жеке қасиеттерін көрсете алады. Мәселен, дербестік, бастамашылық, шығармашылық. Сонымен бірге ойын жеке ұмтылыстарды ұжым мүддесіне бағындыруды талап етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...