Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағын ауданын бұл күндері 11 мыңнан аса халық мекендейді. Шағын ауданда 67 көше және 2800 жеке секторлы үй бар. Сондай-ақ, 1 мектеп, 3 балабақша, 5 ойын алаңшасы орналасқан. Ынтымақ-2 аталатын елдімекендегі 67 көшенің 7-і асфальтталса, 54-іне шағал тас, ал алтауына топырақ төселген.
Сондықтан бекітілген жоспарға сай келесі жылы шағын ауданда 12 көше, атап айтқанда:
1. Қайынды көшесі;
2. Дарабоз көшесі;
3. Таңнұры көшесі;
4. Имантау көшесі;
5. Іле көшесі;
6. Орда (Батыс) көшесі;
7. Жаңақоғам (Батыс) көшесі;
8. Сазсырнай (Батыс) көшесі;
9. Жоласар (Батыс) көшесі;
10. Сарқан (Батыс) көшесі;
11. Сарыжаз көшесі;
12. Голд алюминий көшесі жөнеледі деп жоспарланған.
Ал, талшықты интернет желісі 2024 жылы тартылады. Сонымен қатар спорт алаңшаларын салу мақсатында шағын аудан аумағынан бүгінде жер телімі қарастырылып жатыр. Айта кетейік, елдімекен 100 пайыз электр жарығы және ауыз сумен қамтылған.
Табиғи газ мәселесіне келсек, Ынтымақ-2-ге газ құбырын тарту үшін жоба құны 2,8 миллиард теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Мұндағы құрылыс жұмыстары биыл 2023 жылы жүргізіледі, ал аяқталу мерзімі 2024 жыл.
Бүгінде қала аумағындағы 7 251 шақырым газ желілерінің 14 пайызы тозған. Былтырғы жылы Жаңғырту бағдарламасы аясында «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан 76 шақырым газ құбырын жаңарту жұмыстары басталған болатын. Шілде айына дейін 51 шақырым газ құбыры қалпына келтірілетін болады.
Жыл қорытындысымен Сәуле, Ақтас шағынаудандарында 2 магистральды желінің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ биыл Ақтас, Ақтас1, Нұршуақ, Ақжар, Арғымақ, Тұран шағынаудандарында 10 мыңнан астам абонент көгілдір газ желісіне қосылады. Бүгінде тағы 8 елдімекенді газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Асар -2 тұрғын алабының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында бүгін табиғи газ берілді. Мердігер мекеме арқылы ұзындығы 24 шақырымдық құбыр жүргізіліп, нәтижесінде 1 046 абонент табиғи газ желісіне қосылуға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта жергілікті халық "ҚазТрансГазАймақ" акционерлік қоғамымен техникалық шарт жасасу арқылы өтініш білдіріп, газ желісін пайдалана алады.
Абай ауданы аумағы бойынша 27 елді мекеннің 20 елді мекені (77%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 7 елді мекен қатты отынды пайдалануда.
2023 жылы 3 елді мекенге яғни Асар-2, Қайнарбұлақ т.а Нұршуақ мөлтек ауданына табиғи газ беріледі. Ал, 2024 жылы Ынтымақ-2 Қайнарбұлақ саяжайы, Бозарық жаңақұрылыс аумағы, Тәуелсіздікке 20 жыл аумағы табиғи газбен қамтылатын болады. 2024 жылы аудан бойынша табиғи газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.