«STOP BULLYING» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

«STOP BULLYING» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

Бүгін Жастар ресурстық орталығының психолог мамандарының ұйымдастыруымен №29 білім беру мекемесінің оқушыларына «Stop bullying» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұндай іс-шаралардың мақсаты - жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, девиантты мінез-құлықтың алдын алу және дұрыс психологиялық ахуал қалыптастыру.
Кездесу барысында оқушыларға «Кибербуллинг» пен «Буллинг» жайлы толыққанды мағлұматтар айттылып, түсіндірме жұмыстары ары қарай жалғасын тапты. Сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылық пен дұрыс мінез-құлықтың қалыптасуы бағытында бірқатар ақпараттар айтылып, бірнеше сергіту сәтінің ойындары ойнатылды.
Сонымен қатар, зорлық-зомбылық құрбанына тек консультация берумен шектелмей, толық қолдау көрсетіліп, қамтамасыз етілуі керек.
Жалпы заңда зорлық-зомбылықтың төрт түрі көрсетіледі. Олар: Психологиялық, экономикалық, физикалық және жыныстық зорлық-зомбылық. Осының ішіне ең көп кездесетіні – психологиялық зорлық-зомбылық болып табылады. Психологиялық зорлық-зомбылққа әйел адамдар көп ұшырайды. Өйткені бұл жерде денеге нақты жарақат келіп жатқан жоқ, еш жері ауырып жатқан жоқ, зақымданған жоқ. Олар ішінде сақтап, үндемей жұтып жүре береді. Психологиялықтың арты жаман. Олар артынан өздеріне қол жұмсаулары мүмкін. Екінші түрі – экономикалық зорлық-зомбылық. Бірақ адамдар оның экономикалық екенін білмей жүре береді. Әйел адамға үйленгеннен кейін күйеуі оқымайсың, үйде отырасың деп шектеу қояды. Кейбіреулері жұмыс істеп жүрсе, жұмысына шектеу қояды. Өз қаражатын өзіне жаратып тұрса, оған да тиым салатын жағдайлар орын алып жатады.Бұлардың барлығы экономикалық зорлық-зомбылыққа жатады. Үшіншісі түрі – физикалық зорлық-зомбылық. Ол өте кең тараған. Кез келген адамның көзінің көгеріп тұрғанын немесе бетінде дақтар бар екенін, аяғы-қолы немесе қабырғасы сынса, бұл физикалық зорлық-зомбылық. Мұндай жағдайда міндетті түрде «103»-ке хабарласыңыз. Жедел-жәрдем қызметкерлері мұндай жағдай болғанда міндетті түрде бізге тікелей хабарласады. Біз барып, жағдайдың анық-қанығына жеткеннен кейін материалды сотқа жіберіп жатады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...