ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖОЛДАСЫНАН ЗӘБІР КӨРГЕН БАЛАЛЫ АНАНЫ «САМҒАУ СЕНІМ» ОРТАЛЫҒЫНА ОРНАЛАСТЫРДЫ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖОЛДАСЫНАН ЗӘБІР КӨРГЕН БАЛАЛЫ АНАНЫ «САМҒАУ СЕНІМ» ОРТАЛЫҒЫНА ОРНАЛАСТЫРДЫ

Абай ауданы Полиция басқармасының «102» арнасы арқылы Достық шағын ауданының тұрғыны арызданған. Ол онда, ата-енесі мен жолдасының тарапынан қысым көріп, отбасылық жанжалдың жиілеп кеткендігін айтқан.
Мәселенің мән-жайын анықтау үшін көрсетілген мекенжайға Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Гүлзира Бектемисова барып, жағдайдың жай-жапсарымен танысты.
Нәтижесінде, жолдасының үстінен қорғау нұсқамасы толтырылып, 30 тәулікке есепке алынды.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған азаматшаға құқықтық және психологиялық қолдау көрсету мақсатында баласымен бірге уақытша пана ретінде «Самғау сенім» орталығына орналастырды. «Самғау сенім» орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған көпбалалы аналарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетеді.
Осы тұста тәртіп сақшылары жайсыз отбасылар мен түрлі отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан жанұя мүшелерінің зардап шегетінін айтып, оларға қатысты күш көрсету, кемсіту, ұрып-соғу жайттары бойынша заң жүзінде жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық – қазіргі таңдағы ең жойқын адам құқығы бұзылуының бірі. Зорлыққа жол бермеуіміз керек. Бұл денсаулық пен өмірге қауіпті мәселе гендерлік теңсіздік, билікті теріс мақсатта пайдалану және жағымсыз нормалардан бастау алады. Зорлық-зомбылық әйелдердің қоғамдық өмірге араласуына кедергі келтіреді. Гендерлік зорлық-зомбылық отбасылар мен қоғамдастық арасындағы байланысты әлсіретіп, елдердің әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық дамуға қол жеткізуіне жол бермейді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – бүгінгі таңда кей нәзік жандылардың басты проблемасының бірі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айта бермейді. Осындай түрлі тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан зардап шегіп, қайда барарын білмей басы дел-сал болған нәзік жандылар қауымының бүгінгі таңдағы бас сауғалайтын аялы мекені – «Ана үйі. Сондықтан да отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою жолында құқықтық және практикалық шараларды іске асырып, оның себептерін кешенді түрде анықтап, тоқтату – басты мақсат.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...