Қазір Ынтымақ-2 шағынауданында 350 келушіге арналған емхана салынуда. Қала әкімі М.Әйтенов емдеу мекемесінің құрыласын қадағалады. Жоба бойынша мұнда 7 блок, орталық және отбасылық денсаулық копрустары қарастырылған. Сондай-ақ екі стационарлық бөлімшемен қоса консультациялық-диагностикалық бөлімше бар. Заманауи талапқа сай бой көтеретін емханада компьютерлік томография, цифрлы маммограф, УДЗ апапраты орнатылады. Онымен қоса жаңа емдеу орталығы ЛОР комабайн, электрокардиограф, электроэнцефалограф сияқты озық технологияларға негізделген қондырғылармен жабдықталады.
Жоба бойынша нысанның 5500 шаршы метр алаңы абаттандырылып, 100 шаршы метрлік 100 автокөлікке арналған автотұрақ салынады. Емхана жоспарға сәйкес жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс қарқынын күшейтіп, нысанды мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды. Сондай-ақ қаладағы емханалардың жүктемесін талапқа сай азайтып, халыққа медициналық көмек түрлерін қолжетімді ету бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді.
Еске саларлық, «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының өкілдері денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Асылбековпен бірге жергілікті емханаларды аралап, тәжірибелер орталығы моделін бастапқы медициналық-санитариялық емдеу мекемелеріне енгізу барысын талқылаған болатын.
Сондай-ақ, қалада жаңа жобаның мақсаты - науқастарға сапалы және жедел көмек көрсету, озық инновациялық технологияларды пайдалану, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады. Жоба аясында әр отбасыдағы әлеуметтік проблемалар назарға алынып, дұрыс тамақтанбау, әлеуметтік жағдай, ішімдікке салыну, отбасындағы психикалық жағдайларға қатысты туындаған проблемаларды шешу арқылы пациентке қолдау көрсетіледі.
Жоспар бойынша, биыл үздік тәжірибе орталығы жобасы №1, №3, №6, №7 қалалық емханаларында енгізілетін болады. Емханалардың бас дәрігерлері арнайы оқудан өтіп, кәсіби біліктілігін шыңдайды. Алдағы уақытта жаңа жобаны өзге де мемлекеттік және жекеменшік емдеу орталықтарына да енгізу жоспарлануда.