Қазақтың ұлттық киімін киген «ВИА Гра» тобының әншісі тыңдармандарын тәнті етті

Қазақтың ұлттық киімін киген «ВИА Гра» тобының әншісі тыңдармандарын тәнті етті

Қазақтың ұлттық киімін киген «ВИА Гра» тобасының солисі Эрика Герцег тыңдармандарын сүйсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Әнші Instagram-дағы жеке парақшасында қысқа видеоролик жүктеді. Онда Эрика Герцег қазақтың ұлттық киімін киіп, әшекей таққан. Мұндай киім мен әшекейді орта ғасырларда қазақ қыздары пайдаланған. Сондай-ақ, видеодан әншінің билегенін де көруге болады.

Әншінің тыңдармандары оның мұндай видео жүктегеніне қатысты әртүрлі болжам жасады:

- Бұл соло үшін шығар? Сізді ұлттық киімде көргенім үшін қуаныштымын!

- Мен Қазақстаннанмын, қатты таңғалып отырмын. Мұндайды сізден күтпеген едім. Қазақстан сізді қолдайды!

-  Қандай жоба екенін түсінбей отырмын! Сізге қазақтың ұлттық киімі жарасады екен!

Айта кетейік, «ВИА Гра» тобын 2000 жылы продюсер Константин Меладзе құрған еді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...