Инвестиция комитетінің төрағасы тағайындалды

Инвестиция комитетінің төрағасы тағайындалды

Асқар Шоқыбаев ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 1974 жылы дүниеге келген. 1996 жылы  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (шығыстану) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінде бастады. Әр жылдары «Қазақойл», «Қазақтелеком», «ҚазТрансГаз» ұлттық компанияларында, сондай-ақ ҚР Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2008-2012 жылдар аралығында Қазақстанның Стамбулдағы бас консулы, ал 2012-2014 жылдары - Қазақстанның Дубайдағы бас консулы болды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін 2014 жылдан бастап Қазақстанның Катар мемлекетіндегі елшісі қызметін атқарды.

Екінші сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл дипломаттық дәрежесіне ие. Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...