Қазақстандық шоу-бизнестің жұлдызы Тәуекел Мүсілім жары Махаббаттың болашақта өзімен бірге фильмдерге түскенін не себепті қаламайтынын ашып айтты. Анықталғандай, актердің анасы келіннің өнермен шапқылап жүргенін құптамайтын болып шықты. Ол ұлының әйелі үйде отырып, келіндік міндетін атқару керек деп есептейді екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
әуекел Мүсілім НТК арнасындағы «Ревю» бағдарламасына берген сұхбаты барысында жанұясына қатысты бірқатар тың мәліметтермен бөлісіп қойды. Ол әйелінің танымал болуы жайлы қойылған сұраққақысқа да нұсқа жауап берді. Актердің анасы отбасыда бір өнер адамы болған жеткілікті деп кесіп айтқан. Оның үстіне шоу-бизнес жұлдызының әйелі де танымалдылыққа мүлдем құмар емес болып шықты. «Махаббаттың өзі атақты, танымалдылықты қаламайды. Оның үстіне анамыз қарсы. Анам нақты айтты. «Сен келінсің ба? Онда келін болып үйде отырасың. Ары-бері шығу, жүгіру деген болмасын. Бір үйден бір әртіс жетеді» деді. Сол себептен, мен әртіспін. Бірақ, енді Махаббат әртіс боламын десе, мен үйде отырамын» деп соңында әзілдесті Тәуекел Мүсілім.
Еске сала кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілім не себепті махаббат сахнадарынан бас тартып жүргенін түсіндірді. Көпшілік актердің жары оған белгілі талаптар қойған деп топшылауда. Шоу-бизнес серісі аталмыш мәселенің анық-қанығын айтып, ұятсыз сахналарға келіспейтін болғанын растады. Оған қоса, Қайрат Нұртастың анасы ұлын жерге теңеген Бибігүл Төлегенова жауап берді. Ол даңқты әншінің немересінде балаға қадалып қалғанын шүйлікті.