БӘЙДІБЕК: ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ Е.ӘБДИЕВ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

БӘЙДІБЕК: ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ Е.ӘБДИЕВ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Бәйдібек ауданына Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің мүшесі Ерлан Әбдиев келді.
Мәжіліс депутаты бірінші кезекте Бөген ауылдық округінің орталығы Шалдар ауылында тұрғындармен кездесіп, парламентте атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті. Бөген ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Заманхан Аманжолов округке қарасты өзекті мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда Арыс қаласы мен Бәйдібек ауданының арасындағы Екпінді елді мекендегі 7,2 га жерді ауданымызға қайта қайтарылуын сұрады.
Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойылған сұрақтар бойынша тиісті министрлікке депутаттық сауалдар жолданып, мәселелер көтерілетінін айтты.
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ерлан Әбдиевтің Бөген ауылдық округі тұрғындарымен өткен жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Алмасбек Нақыпбеков жүргізды.
Сонымен қатар депутат Ерлан Тұрсынбайұлы аудан орталығындағы Жастар сарайында «Бастау Бизнес» жобасына қатысып, мемлекеттен гран алып, өз кәсібін ашып жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлердің өнімдерімен танысты. Олармен тілдесіп, пікірлерін тыңдады. Жаңадан кәсіп ашамын деген азаматтарға мемлекеттен көптеген қолдаулар болып жатқандығына айтып, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі, деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...