ЖЕТІСАЙ: АСЫҚАТА КЕНТІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ЖЕТІСАЙ: АСЫҚАТА КЕНТІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдармен ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы, сондай-ақ, осы бағыттағы тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру үнемі назарда. Сондықтан, аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру, мемлекеттік құпияларды қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынысына сәйкес көпшілік орындарда қоғамдық қабылдаулар, әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирлер ұйымдастырады.
Кезекті қоғамдық қабылдау 29 маусымда Асықата кенті әкімі аппараты ғимаратында орналасқан халықтық кеңседе өткізіліп, оған аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің жауапты мамандары қатыстырылды.
Асықатада биылғы жылы алғаш рет ұйымдастырылған іс-шараға тұрғындар өте белсенді қатысты, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов авиация саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. Президенттің Қазақстанның авиациялық хаб ретіндегі рөлін...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту және денсаулық сақтау мекемелеріндегі...